«Есік» қорық-музейінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия мүшелерімен кездесу өтті

«Есік» қорық-музейінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия мүшелерімен кездесу өтті

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Марат Камзолдаев «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия мүшелерімен кездесу өткізді.

Аталмыш жобаның негізгі мақсаты қоғамдағы адалдық, жүйелілік, әділдік, сонымен қатар ұлттық мәдениет пен руханияттың құндылықтарын дамыту. «Адалдық алаңы» жобасының басты мақсаты - еліміздің барлық өңірлерінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты барынша төмендету.

Кездесу барысында М.Б. Камзолдаев мемлекеттік қызметтерге алу кезінде ел азаматтары үшін қолайлы жағдай жасау, ашықтық қағидатына негізделген адал қоғам мен парасатты мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық бақылауды пәрменді іске асыруды қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Ол сонымен қатар «Бюджет және қаржыландыру», «Мемлекеттік сатып алу» антикоррупциялық комитеттің жұмыстарымен таныстыра келе қаржы көздерін негізсіз жұмсамау, ұйымдағы есеп пен бақылауды шаруашылық тұрғыдан дұрыс жүргізу, мемлекетттік мүлікке абай болуды қадап айтты. 

Кездесу барысында мемлекеттік органдардың қол жетімділігін , олардың қызыметінңі ашықтығын қамтамасыз ету, сонымен қатар қоғамдық бақылаудың жаңа әдістемелерін жасау жолдары да талқыланды.