Мектеп ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қатысты жаңа заңнама таныстырылды

Мектеп ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қатысты жаңа заңнама таныстырылды

Бүгін «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Мәдениет және спорт министрлігі - Адалдық  алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Марат Қамзолдаев Сыбайлас жемқорлыққа қатысты жаңа заңнамаларды таныстыру мақсатында мектеп әкімшілігімен жиналыс өткізді.

Жобалық кеңсенің басшысы Марат Болысбекұлы жиналыс барысында қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, сыбайлас жемқорлықты болдырмау шараларын қарастыру жолдарын түсіндірді.

«Қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез келген елінде оның  дамуына кедергі келтіруде. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді», - деп сыбайлас жемқорлықпен күресуге арналған "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің негізгі мақсаты мен алға қойған жоспарларымен бөлісті.

Кездесудің басты мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы, бұл тақырыптың маңыздылығы және құқық бұзушылық жасағаны үшін тартылатын жауапкершіліктер туралы толық ақпарат беру.

Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ «Адалдық алаңы» жобасының сенім телефондары:

+7701 113 48 77

+7 701 606 51 15

E-mail: adaldyk_juban@mail.ru