Күрестен Азия Чемпионаты: Төртінші күн

Күрестен Азия Чемпионаты: Төртінші күн

Алматы – Төртінші күннің қорытындысы бойынша әйелдер күресінен Ұлттық құрама қоржынында 1 күміс, 2 қола медаль бар. 

1 күміс – 72 кг Жәмилә Бақбергенова

2 қола – 53 кг Асылзат Сағымбай, Алтынай Сатылған-57кг

Төртінші күні әйелдер күресінен ұлттық құрама сапында 5 салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткендер: 

1)53 кг- Асылзат Сағымбай 

2)57 кг- Алтынай Сатылған

3)62 кг- Ирина Кузнецова

4)65 кг- Гаухар Мұхатай

5)72 кг – Жәмилә Бақбергенова

Әйелдер күресі бойынша командалық есепте бірінші орында Моңғолия, екінші орында Үндістан, үштікті Қазақстан құрамасы түйіндеді.

Біздің анықтама:

Күрестен Азия чемпионаты – азия мемлекеттері спортшылары үшін еркін, грек-рим, әйелдер күресінен құрлықтық чемпионат. 1979 жылдан бері өткізіліп келеді. Әйелдер арасындағы жарыстар 1996 жылдан бері ұйымдастырылады. Жарысқа әлемнің үздік спортшылары қатысады. Қазақстандағы турнирді Біріккен Күрес Әлемі (UWW) ұйымы жоғары бағалады.  2019 жылы Қазақстанда кадеттер арасында Азия және Әлем чемпионаттары өтті. 

Квалификациялық турнирдегі салмақ дәрежелері:

Грек-рим күресі: 60-67-77-87-97-130 кг

Еркін күрес: 57-65-74-86-97-125 кг

Әйелдер күресі: 50-53-57-62-68-76 кг

Азия Чемпионатындағы салмақ дәрежелері:

Еркін күрес: 57-61-65-70-74-79-86-92-97-125 кг

Грек-рим күресі: 55-60-63-67-72-77-82-87-97-130 кг

Әйелдер күресі: 50-53-55-57-59-62-65-68-72-76 кг.