Алматыда күрестен Азия Чемпионаты өтіп жатыр: Үшінші күн

Алматыда күрестен Азия Чемпионаты өтіп жатыр: Үшінші күн

Алматы – Үшінші күннің қорытындысы бойынша әйелдер күресінен Ұлттық құрама қоржынында 2 алтын, 1 қола медаль бар. 

2 алтын – 76 кг Эльмира Сыздықова, 50 кг Валентина Исламова

1 қола – 55 кг Айша Уәлишан

Үшінші күні әйелдер күресінен ұлттық құрама сапында 5 салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткендер: 

1)50 кг- Исламова Валентина 

2)55 кг- Уалишан Айша

3)59 кг- Каюмова Диана

4)68 кг- Панасович Анастасия

5)76 кг - Сыздыкова Эльмира

Біздің анықтама:

Күрестен Азия чемпионаты – азия мемлекеттері спортшылары үшін еркін, грек-рим, әйелдер күресінен құрлықтық чемпионат. 1979 жылдан бері өткізіліп келеді. Әйелдер арасындағы жарыстар 1996 жылдан бері ұйымдастырылады. Жарысқа әлемнің үздік спортшылары қатысады. Қазақстандағы турнирді Біріккен Күрес Әлемі (UWW) ұйымы жоғары бағалады.  2019 жылы Қазақстанда кадеттер арасында Азия және Әлем чемпионаттары өтті. 

Квалификациялық турнирдегі салмақ дәрежелері:

Грек-рим күресі: 60-67-77-87-97-130 кг

Еркін күрес: 57-65-74-86-97-125 кг

Әйелдер күресі: 50-53-57-62-68-76 кг

Азия Чемпионатындағы салмақ дәрежелері:

Еркін күрес: 57-61-65-70-74-79-86-92-97-125 кг

Грек-рим күресі: 55-60-63-67-72-77-82-87-97-130 кг

Әйелдер күресі: 50-53-55-57-59-62-65-68-72-76 кг