
Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Алғыс айту күніне арнап «Тағдыр тоғыстырған» атты құжаттық көрмесі ашылды.
Көрмеде Қазақстан халқы Ассамблеясының бірінші сессиясын құру және шақыру, этномәдени және ұлтаралық қатынастар туралы құжаттар, жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту, 1936-1949 жылдары Қазақстанға жер аударылған арнайы қоныс аударушылар (Солтүстік Кавказ халықтары (шешендер, ингуштар, балкарлықтар), қырым татарлары, кәрістер, гректер, немістер, украиндар, литвалықтар, латыш, эстондықтар, әзірбайжандар, армяндар) туралы мәліметтер ұсынылады.
Шараның басты мақсаты – «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы аясында қазақстандық құндылықтарды көрсету, жалпыға ортақ тарих негізінде қазақстандық сәйкестік пен ұлт бірлігін нығайту болып табылады.
Шараға еліміздің мемлекет және қоғам қайраткерлері, Астана қаласының этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты.
Естеріңізге салсақ, 2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) 20 жылдығына арналған 22-сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республикамызда Алғыс айту күнін атап өтуді, ал ҚХА құрылған күні – 1 наурызды мерекелік дата күні ретінде таңдауды ұсынды, өйткені ол «барлық ұлттың бір-біріне және депортацияланған халықтарды қабылдап, аяушылық пен қонақжайлылық танытқан қазақтарға алғыс айту күні болар еді».
2016 жылдың 14 қаңтарында Нұрсұлтан Назарбаев №173 Жарлығымен Қазақстанда Алғыс күнін белгіледі.
Қазақстанның бүгінгі куні көпұлтты мемлекет болуының себебі - елімізге көптеген елдердің қоныс аударуының бірнеше көші-қон толқындарының нәтижесі. 20 ғасырдың басында ғана Қазақстанға Ресей, Украина және Белорусиядан 1,1 миллион адам келді, ал 1930 жылдары ұжымдастыру барысында 250 мың мүлкі тәркіленген шаруалар және КСРО-ның барлық аумақтарынан 1,2 миллионға жуық адам өнеркәсіптік нысандарды салуға келген. Сонымен қатар сталиндік насихаттың арқасында Ұлы Отан соғысы кезінде сатқындық жасады деген тұтас бір ұлттар қазақ даласына күштеп жер аударылды.