Токиода өтетін Олимпиадаға іріктеу жалғасып жатыр

Токиода өтетін Олимпиадаға іріктеу жалғасып жатыр

Пандемияға қарамастан еліміз санитария-эпидемиология талаптарын сақтай отырып, лицензиялық турнирлерді өткізіп жатыр. Кеше ғана Алматыда күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу жарыстары өткен болатын. Ұлттық құрама күрес түрлерінен 3 жолдамаға ие болды. Алда тағы басқа спорт түрлерінен бірнеше лицензиялық жарыстар бар, сол турнирлерде ел спортшылары жолдама санын арттырады деген үміт бар.

Халықаралық Олимпиада Комитетінің ақпаратына сәйкес, пандемия салдарынан Олимпиадаға қатысатын спортшылар саны Риомен салыстырғанда 2000-ға кем болады. Көрермендер, жанкүйерлер де төртжылдықтың додасын көзбен көре алмайды.