
2019 жылдың 5 наурызында Ресей Көркемсурет академиясының музейлік-көрме кешенінде, Мәскеудегі Зураб Церетелидің өнер галереясында Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің (Алматы, Қазақстан) «Алпысыншы-жылғылар. Түркі романтизмі» көрмесі салтанатты түрде ашылды.
1960-шы жылдардың соңында жас әрі өршіл суретшілер тобы постимпрессионизм және мексикалық монументалистердің әсерімен ұлттық кескіндеме және бейнелеу өнері мектебінің өз бағдарламасымен алға шықты. «Алпысыншы-жылғылар» - өздерін 60-шы жылдардың соңы мен 70-ші жылдардың басында таныта білген топтың шартты аты. Оған Салихитдин Айтбаев, Мақым Қисамединов, Шаймардан Сариев, Тоқболат Тоғысбаев, Бахтияр Табиев, Әбдірашит Сыдыханов, Еркін Мергенов, Төлеген Досмағамбетов, Вагиф Рахманов, Исатай Исабаев, Оралбек Нұржұмаев және басқалары жатады. Алпысыншы-жылғылардың шығармашылығы Қазақстандағы көркемдік ойдың өрлеуі болып саналады. Сол кездерде «жылымықтың балалары» деп аталған олар, академиялық ережелерден бас тартып, өнердегі өзіндік тілі мен стилін қалыптастырды.
Ресей Көркемсурет академиясының президенті Зураб Церетели көрмені ашқанда: «Біз Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейімен жемісті ынтымақтастыққа және өнер арқылы достаса алатынымызға қуаныштымыз. Ғажап суретшілер, әсерлі көрме»,- деп атап өтті.
РФ ҚР Елшілігінің Кеңесші уәкілі Ерлан Байжанов Ресей Көркемсурет академиясына, жеке Зураб Константинович Церетелиге ресейлік-қазақстандық ынтымақтастықтың дамуына бұлжымас үлес қосуға деген әзірлігі үшін; бейнелеу өнері шығармаларының көрнекті көрмесін ұйымдастырғаны үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ә. Қастеев атындағы өнер музейіне шексіз алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол, мәдениет саласындағы өзара байланыс елдер арасындағы қарым-қатынас деңгейінің маңызды әрі сапалы көрсеткішінің бірі болып табылатынын және бүгінгі күні Қазақстан мен Ресейдің жемісті ынтымақтастығын айқын көрсетеді деп атап өтті.
Ресей Көркемсурет академиясының тұңғыш вице-президенті Виктор Калинин: «Әлемдік өнердегі 1950-60 жылғы заманауи көркемдік тенденциялардың еркін шығармашылық өзінше түсінілуі қазақ суретшілерінің атамекенін, өз халқының өмірін бейнелі түрде ұғынуын шиеленістіреді».
Шыңғыс Айтматовтың досы, КСРО мәдениет министрінің бұрынғы орынбасары, Ресей Көркемсурет академиясының вице-президенті, профессор Андрей Золотов: «Қазақстан – бұл әлем картасындағы ерекше геосаяси құбылыс, сондай-ақ әлем картасындағы ерекше өнер. Қазақстанның заманауи өмірге деген әсері мол. Біріншіден, бұл сіздердің Президенттеріңіздің даналығының нәтижесі, біз оны ерекше тұлға деп санаймыз. Ол даналықтың, тәжірибенің бейнесі, өз еліндегідей, одан сыртқары аумақта да сенім ұялатады. Біз үнемі оның сөздерін тыңдап отырамыз. Екіншіден, Қазақстан – орасан зор кеңістік, үлкен аумақ. Үшіншіден, ол арамызда ерекше өзара түсіністік орнаған Ресейдің көршісі. Бұл көрме – уақыттың жаңғырығы. Экспозиция өте жақсы жасалған, туындылар арасында кеңістік көп. Әрбір картина жеке көрме іспетті. Суретшілер көрермендермен сұхбатқа түсетіндей».
Наталья Опиок, Ресей Көркемсурет академиясының академигі, мүсінші: «Қазақстандық тамаша суретшілер мен мүсіншілерді біздің академиямыздың қабырғасында қуана қарсы аламыз. Өте жарқын әрі қызықты».
6 наурыз күні Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің экспозициясы өріс алған залдағы көрме аясында мәдениет саласындағы қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастарға арналған дөңгелек үстел өтті. Онда шығармашылық, өнер туралы бірқатар мәселелер, сондай-ақ Ресей Көркемсурет академиясының ғылыми қызметкерлерімен болашақтағы бірлескен жобалардың келешегі талқыланды. Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ баспасөз қызметінің жетекшісі Клара Исабаева қатысушыларға Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы, сондай-ақ музей туралы баяндап берді. Ресейдегі ҚР Елшілігінің кеңесшісі Дәурен Дияров әр қилы мәдени оқиғалар мен біздің елдердің арасындағы өзара байланыстар туралы айтты. Дөңгелек үстелде, сондай-ақ Ресей Көркемсурет академиясының вице-президенті Виктор Калинин, РКА ғылым жөніндегі орынбасары Татьяна Кочемасова, өнертану кандидаты Ольга Юшкова, Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің директоры, профессор Гүлмира Шалабаева және музейдің жетекші ғылыми қызметкері Күлжазира Мұқажанова сөз сөйледі.
Профессор Гүлмира Шалабаева, музейлер мен өнертанушылар арасындағы байланыс өте маңызды әрі қажет, айырмашылықтарды жоюға емес, қарым-қатынастарды орнатудың жолын табу керек екенін және бізді байытушы дәл мәдениеттің осындай байланыстарды талап ететінін атап өтті. «Мәдениеттер диалогы, Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара мәдени байланыстарды нығайту өнердің толық қызмет етуі, суретшілердің шығармашылық өсуі, мәдени институциялар болып табылатын музейлер мен академиялар арасында тәжірибе алмасу үшін өте маңызды. Бұл жемісті жұмыс, өзара байыту және одан әрі даму жолдарын түсінуге жаңа күш береді», - деді ол. Дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары мәдени байланыстар мен қарым-қатынастарды нығайту қажеттілігі жөніндегі қорытындыға келді, қызықты ғылыми конференциялар мен жобаларға шақыртулар қабылданды.
