
Алматыда күрес түрлерінен Токио Олимпиадасына жолдама үлестірілетін Азия құрлығының іріктеу бəсекесі өтіп жатыр. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль бар.
1 алтын – Сұлтан Әсетұлы
1 күміс – Әлімхан Сыздықов
1 қола – Демеу Жадыраев
Бірінші күні грек-рим күресінен ұлттық құрама сапында өнер көрсеткендер:
1) 55 кг Сәрсенбиев Жансерік (Жамбыл обл.)
2) 63 кг Әсетұлы Сұлтан (Жамбыл обл.)
3) 77 кг Жадыраев Демеу (Алматы обл)
Біздің анықтама:
Күрестен Азия чемпионаты – Азия мемлекеттері спортшылары үшін еркін, грек-рим, әйелдер күресінен құрлықтық чемпионат. 1979 жылдан бері өткізіліп келеді. Әйелдер арасындағы жарыстар 1996 жылдан бері ұйымдастырылады. Жарысқа әлемнің үздік спортшылары қатысады. Қазақстандағы турнирді Біріккен Күрес Әлемі (UWW) ұйымы жоғары бағалады. 2019 жылы Қазақстанда кадеттер арасында Азия және Әлем чемпионаты өткен.
Бәсекедегі салмақ дәрежелері:
Грек-рим күресі: 60-67-77-87-97-130 кг
Еркін күрес: 57-65-74-86-97-125 кг
Әйелдер күресі: 50-53-57-62-68-76 кг
Азия чемпионатындағы салмақ дәрежелері:
Еркін күрес: 57-61-65-70-74-79-86-92-97-125 кг
Грек-рим күресі: 55-60-63-67-72-77-82-87-97-130 кг
Әйелдер күресі: 50-53-55-57-59-62-65-68-72-76 кг