«Есік» қорық-музейінде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналған іс-шара өтеді

«Есік» қорық-музейінде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналған іс-шара өтеді

2021 жылдың 16 сәуірінде «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналған іс-шара өтеді.

Осы мерекені жыл сайын атап өту «Есік» қорық-музейінде дәстүрге айналған. Дәл осы күні музей БАҚ пен туризм саласындағы әріптестерімен кездесу өткізеді, олардың еңбектері бағаланып ең белсенділеріне музей ісіне қосқан үлесі үшін арнайы марапаттар тапсырылады. 

Мерекелік іс-шара аясында «Есік» қорық-музейінде Қазақстан Республикасының Тәкелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Атқа міну мәдениеті  –  дала өркениетінің мұрасы» көрмесінің ашылу рәсімі өтеді. Көрмеде адамзат дамуының жарқын бастауына айналған атқа міну мәдениеті, оның ішінде Ұлы даладағы жылқыны қолға үйрету тарихы ерекше қарастырылған.  Сонымен қатар жылқы қазақ қана емес, ежелгі дүние халықтарының бәрінде де мифологиялық дүниетанымды қалыптастырған, адамның сенімді серігіне айналған ерекше қасиетті жануар.   

Көрме ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Алматы облыстық «Ұста Дәркембай Шоқпарұлы» ұлттық қолөнер музейінің жәдігерлері негізінде жабдықталды.

Көрменің ашылу салтанатына еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты шағын құрамда «Ботай» музей-қорығының директоры - Уәлихан Құлбаев, т.ғ.д., археология профессоры – Виктор Зайберт, ғылыми-қор жұмысы және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің басшысы бөлім жетекшісі – Сабина Амирова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Тарих, археология, этнология және музеология кафедрасының доценті, т.ғ.к. – Ғани Омаров, «Остров Крым» зертханасының директоры – Қырым Алтынбеков, «Shejire DNA» Қазақстан орталығының жетекшісі, генетик – Нұрбол Баймұханов, «Ұста Дәркембай Шоқпарұлы» музейінің директоры – Дәулет Шоқпаров қатысады.

Қосымша ақпараттарды «Есік» қорық-музейінен алуға болады.

Мекен-жайы:  Алматы обл., Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат а/о, Өрікті ауылы, Есік-Александровка жолы 6,6 шақырым, құрылыс 2. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі.

Тел/ф: 8 727 306 91 30,  8 707 753 7878, 8 747 064 0785

e-mail: issyk@inbox.ru