Татьяна Ахметова-Аманжол Токио Олимпиадасына жолдама ұтып алды

Татьяна Ахметова-Аманжол Токио Олимпиадасына жолдама ұтып алды

Алматыда әйелдер күресінен Азияның олимпиадалық квалификациялық турнирі жалғасып жатыр. Қазақстандық Татьяна Ахметова-Аманжол Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Отандық спортшының қарсыласы кореялық Хунджу Ким болды. Татьяна оны 11:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Біздің анықтама:

Татьяна Ахметова-Аманжол  1985 жылы 17 қазанда туған. 

Салмақ категориясы: 53 кг

Өңірі: Нұр-Сұлтан қ.

Үздік жетістіктері:
Азия Чемпионы 2009,2013,2014,2020

Азия ойындарының қола жүлдегері (2014).