Қазақстан парадзюдо құрамасы Түркияда халықаралық бәсекеге қатысты

Қазақстан парадзюдо құрамасы Түркияда халықаралық бәсекеге қатысты

6-8 сәуір аралығында Түркияның Анталия қаласында парадзюдодан халықаралық турнир өтті.

13 мемлекеттің 100-ден астам спортшысы бақ сынаған бәсекеде Қазақстан парадзюдо құрамасы 6 жүлдеге ие болды.

Зарина Байбатина (+70 кг) - алтын

Олжас Оразалыұлы (66 кг) – күміс

Ғалымжан Смағұлұлы (81 кг) – күміс

Жанбота Аманжол (90 кг) – күміс

Ерлан Конкиев (100 кг) - күміс

Әнуар Сәриев (60 кг) – қола

Сонымен қатар парадзюдодан ұлттық құрамамыз командалық белдесуде топ жарды.