«Балуан Шолақ» тарихи кинолентасы көрерменге жол тартады

«Балуан Шолақ» тарихи кинолентасы көрерменге жол тартады

Баспасөз конференциясына: М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық  драма театры  директоры Сәбит Әбдіхалықов, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Еркебұлан Дайыров, «Балуан Шолақ» фильмінің режиссеры Нұргелді Садығұлов, «Балуан Шолақ» фильмінде Татьянаның ролін сомдаған актриса Татьяна Бешкурова, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы баспасөз қызметінің басшысы Айнұр Исаева.

«Балуан Шолақ» фильмінің авторлары айтып кеткендей, көркем туындының түсірілім жұмыстары Алматы облысының Жалаңаш және Кеген ауылдарында өткен. Көпшілік сахналарға үш жүзден астам адам қатысқан. Сондай-ақ, түсірілімдер Павлодар қаласында және Бурабай курортты аймағында жүргізілді.

Фильмнің ресми тұсаукесері 2019жылдың 11 сәуір күні елорда төрінде өтеді.
Картинаның режиссері Нұргелді Садығұлов: «Мен үшін маңыздысы – жасұрпақты Балуан Шолақтың тұлғасымен таныстыру және ол өмір сүрген тарихи кезеңді көрсету. Фильмнің қалай шыққанын экран көрсетеді. Түсірілім тобымен өте жақсы жұмыс жасадық. Әсіресе актерлерді – Балуан Шолақты сомдаған Еркебұлан Дайыровты, Ақылбайды ойнаған Медғат Өмірәлиевті және Долгоносовтың образын аша білген Александр Багрянцевті атап өткім келеді», - деп фильмді түсіру жұмыстарынан алған әсерімен бөлісті.

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ

Сценарий авторы: Д.Исабеков

Қоюшы режиссер: Н.Садығұлов

Қоюшы оператор: Р.Қосай

Қоюшы суретші: Е.Сүлейменов

Композитор: Ғ.Секеев

Киім суретшісі: М.Торыбаева

Арт-продюсері: С.Әбдіхалықов

Атқарушы продюсері: Б.Байназаров


Садығұлов Нұргелді Серікұлы

Білімі: 
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (1998 – 2002жж.) Мамандығы: деректі кино және ТВ режиссері 

С.А. Герасимов атындағы бүкілресейлік мемлекеттік кинематография. (2006 – 2010жж.)

Мамандығы:  көркемфильм және ТВ режиссері

Фильмографиясы: 
Деректіфильмдер: «Көкпар» 1998ж., «Отшельник поневоле»  1999ж.,  «Ковер» 2000ж., «Соғым» 2002ж., «Скрипка и виолончель» 2003ж., «Семейный дом Купкиных» 2004ж., «Түркістан» 2007ж., «Абай» 5 серия 2012ж.,  «Исабековәлемі» 2013ж.

Көркемфильмдер: «Игрушки» 2007ж. «Молоко» 2009ж. «Кредитке махаббат» 2010ж. «Зұлмат», «Біздіңауыл – во!» 2011ж.

Деректі фильмдер циклы:«Саят» 2005ж., Сериал «1 сынып» 2005ж., «Әпке» 2013ж., «Ұлт мақтанышы» 2013ж.