
«Рухани жаңғыру» орталық жобалық кеңсесі және «Алматы облысы ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдаумен «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениетті ілгеріту» I Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады. Іс-шара Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының екі жылдығына орай ұйымдастырылуда.
Іс-шара халықаралық деңгейде, шетелдік сарапшылардың, мемлекеттік мекемелердің, мәдени, қоғамдық және ғылыми-зерттемелік ұйымдардың, мәдени кластердің, арт-менеджерлердің, Орталық және Өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңселерінің қатысуымен өтеді.
Өткізілетін орны: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, 22-24 сәуір 2019 жыл.
Конференция жұмысының бағыттары: «Мәдени интеграция мен мәдениеттер сұхбаты қоғам тұрақты дамуының стратегиясы ретінде»; «Мемлекеттің заманауи мәдениеттің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі», «Жобалық басқару мәдениетті ілгерітудің факторы», «Мәдени урбанистика – мәдени кластер фестивальдары арқылы қаланың жаңа келбетін құру», «Өткенді танып болашаққа жылжу әлемдік мәдени кеңістікке интеграция векторы ретінде».
Конференция жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.