Ақтөбеде Жастар ойындары өтіп жатыр

Ақтөбеде Жастар ойындары өтіп жатыр

Ақтөбе қаласында Жастар арасында V спорттық ойындар өтіп жатыр. Ойындардың бағдарламасына 36 жазғы олимпиадалық спорт түрі енген.

Жарысқа еліміздің 3 қаласы мен 14 облысынан спортшы қатысып жатыр.

Бүгін Ақтөбеде жүзуден нәтиже шықты. 7 спорт түрі бойынша бірінші орында Алматы қаласы– (165) ұпай, екінші орында Шымкент – 135, үштікті Нұр-Сұлтан қаласы түйіндейді– 124 ұпай.

Жастар ойындары 10 наурызда ашылған. Байрақты бәсекенің ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Сәпиев қатысқан.

Бұл ойындар осы жылдың тамыз айына дейін жалғасады.

Айта кетейік, аталған жарыс төрт жылда бір рет өткізіліп тұрады.
Жарыстың жабылуы – Теміртау қаласында 1 тамызға жоспарланып отыр.

Нәтижелер