Токиоға апарар жол: Спортшылардың қауіпсізідігі аса маңызды

Токиоға апарар жол: Спортшылардың қауіпсізідігі аса маңызды

Токио-2020 Олимпиадасына дайындық  мәселелері ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті және жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық федерация өкілдері жұмыс кездесуінде талқыланды.

Кездесуде іріктеу жарыстарына және Қазақстанның олимпиадалық құрамасының жаттығу кестесіне қатысты өзекті тақырыптар пысықталды.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы Андрей Крюков спортшылардың қауіпсіздігі ҰОК-тың басты басымдығы болып қала беретіндігін атап өтті.

«Біздің алдымыздағы негізгі міндет- спортшылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау. Бір сөзбен айтқанда, біз  спортшыларымызды Токиодағы Олимпиада ауылына, Олимпиададан кейін үйге аман-есен оралуымыз керек. Қазіргі жағдайда бұл ерекше жауапкершілікті және жоғары талапты қажет ететін қиын міндет. Біз бұл міндетті ҚР Мәдениет және Спорт министрлігімен және ұлттық федерациялармен бірлесе отырып атқарамыз», - деді Қазақстан ҰОК Бас хатшысы.

ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев спортшылардың іріктеу жарыстарына қатысуына және лицензия жоспарына назар аударды.

Сонымен бірге, Қазақстан ҰОК Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов кейбір халықаралық федерациялар жалғасып жатқан COVID-19 пандемиясына байланысты жоспарланған іріктеу старттарын тоқтатуды жалғастырып жатқанын, тиісінше Олимпиада жолдамаларын едәуір төмендететіндігін атап өтті.

Еске сала кетсек, бүгінде қазақстандық спортшылар спорттың 20 түрінен 45 жолдама жеңіп алған. Іріктеу жарыстары шілде айының ортасына дейін жалғасады. 

Олардың бірі Алматыда 9-11 сәуір аралығында өтеді. 

Кездесуге қатысушылар аурудың өршуіне жол бермеу, қауіпсіздікті және барлық жұқпалы аурулардан қорғануды қамтамасыз ету үшін ҰОК пен UWW Халықаралық күрес федерациясының «антикоидты» хаттамаларын бірлесіп қолдану мен интеграциялаудың маңыздылығын атап өтті.

Күрес жарыстары көрерменсіз өтеді.

Күн тәртібінде спортшыларды вакцинациялау мәселесі де қарастырылды.

Бүгінгі таңда Токиодағы Олимпиадаға дайындық бойынша ұлттық спорттық командалардың мүшелеріне жоспарлы вакцинациялар басталды.