2019 жылдың 23 сәуірінде сағат 14:00-де ҚазҰӨУ Ж. Жабаев ат. залда (Тәуелсіздік даңғылы, 50) «Ұшқын» студенттік киносының II-ші Халықаралық кинофестивалінің салтанатты ашылуы өтеді.
2019 жылдың 25 сәуірінде сағат 11:00-де ҚазҰӨУ конференц-залында (2 қабат, №238 ауд., Тәуелсіздік даңғылы, 50) «Кино білім берудегі өзекті тенденциялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
2019 жылдың 26 сәуірінде сағат 16:00-де ҚазҰӨУ Ф. Шопен ат. залда (Тәуелсіздік даңғылы, 50) «Ұшқын» студенттік киносының II-ші Халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанаты өтеді.
23-26 сәуір аралығында ҚазҰӨУ Ш. Айманов ат. кинозалында (Тәуелсіздік даңғылы, 50) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін фильмдердің конкурстық көрсетілімі өтеді.
Кинофестивальдің қазылар алқасының мүшелері:
- Профессор, режиссер, сценарист, еуропалық киноакадемиясының мүшесі Giovanni Robbiano (Генуа, Италия);
- Профессор, кинорежиссер, сценарист, продюсер Эрнест Абдыжапаров (Бішкек, Қырғызстан);
- Санкт-Петербург мемлекеттік кино және теледидар институтының операторлық өнер кафедрасының профессоры Сергей Ландо(Санкт-Петербург, Ресей);
- Режиссер, сценарист, «Астана Фильм Академиясы» басшысы. Кино және ТД саласындағы жыл сайынғы сыйлықтың иегері «Мемлекет мақтанышы» Жандос Құсайынов;
- Кинолог, өнертану кандидаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Өнертану» кафедрасының профессоры, Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі Назира Мукушева;
- Режиссер, сценарист. Қазақ ұлттық өнер университетінің «Кино және теледидар» кафедрасының меңгерушісі - Ерлан Нурмухамбетов;
- Қоюшы-суретші, актер, «Отырардың күйреуі» фильміне көркемдік-қойылым бөлімі үшін» ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты» Умирзак Шманов.
Кинофестивальдің арнайы қонақтары:
- Алтынай Нөгербек – Қ. Қуанышбаев ат. Қазақ Академиялық музыкалық-драма театрының актрисасы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. «Анаға апарар жол» толық метражды көркем фильмі үшін әдебиет және өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2018);
- Билл Эйнренхофер – режиссер, сценарист, продюсер. PBS, ABC, CBS, HBO телеарналарында жобаларды жасаушы. Emmy сыйлығының үш иегері. Америка кинорежиссерлерінің гильдиясының мүшесі.
«Ұшқын» кинофестивалінің президенті ҚР Халық әртісі, ҚазҰӨУ ректоры Айман Мусахаджаева болып табылады.
«Ұшқын» студенттік киносының II-ші Халықаралық кинофестивалі Қазақ ұлттық өнер университетінің базасында («Кино және теледидар» кафедрасы) өткізіледі.
Фестиваль бағдарламасы конкурстық көрсетілімдерді, дөңгелек үстелдер мен шеберлік сабақтарын қамтиды. Біздің фестивальдің басты мақсаты киномектептерінің жас кинематографистерін қолдау және алға жетелеу болып табылады. «Ұшқын» кино саласында жаңа есімдер пайда болатын платформа болады деп сенеміз және бұл олардың табысқа жету жолындағы алғашқы қадамы болады. «Ұшқын» аудармада «Искорка» деген сөз, жас кинематографисттердің жүрегінде ұшқын пайда болады және жолсілтеуші жұлдызы ретінде оларды үлкен кино әлеміне апарады.
II-ші Кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына келесі киномектептер студенттерінің жұмыстары кірді:
- Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА (Қазақстан, Алматы);
- «Тұран» университеті (Қазақстан, Алматы);
- Қазақ ұлттық өнер университеті (Нұр-Сұлтан, Қазақстан);
- New York film academy (АҚШ);
- Musashino University (Жапония);
- Nationaal film school in Rome (Италия);
- LaFémis (Ля Фемис) - Аудиовизуалды өнерінің жоғары ұлттық мектебі (Франция);
- Dongseo University (Оңтүстік Корея);
- L’école de l’image Gobelins-School of images Gobelins (Франция);
- С. А. Герасимов ат. Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институты (Ресей);
- Санкт-Петербург мемлекеттік кино және теледидар институты (Ресей);
- Санкт-Петербург мемлекеттік мәдениет институты (Ресей).
- Беларусь Мемлекеттік өнер академиясы (Белоруссия);
- Лодзь қаласындағы Леон Шиллер атындағы кинематограф, теледидар және театрдың жоғары мемлекеттік мектебі (Польша);
- Б. Бейшаналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университеті (Қырғызстан).