
2019 жылдың 12-18 мамыр аралығында, Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Astana Piano Passion V Халықаралық классикалық музыка фестивалі және жас пианистер байқауы өтеді.
Байқау-фестиваль классикалық музыканы бағалаушылардың үлкен қызығушылығын туғызып отыр және ол жас орындаушыларға өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, белгілі кәсіби музыканттардың шеберлік-сабақтарына қатыса отырып, кәсіби тәжірибе алмасуларына мүмкіндік береді. Байқау мақсатты фортепианолық өнерде жаңа жұлдыздарды табу, ұлттық фортепианолық мектептерді дамыту, әр елдің фортепианолық мектептер арасындағы шығармашылық қатынасты және дәстүрді нығайту.
Байқауда 18 жасқа дейінгі, музыкалық білім беру мекемелерінің бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары өнер көрсетеді. Ұйымдастырушылар балалардың өнер көрсетуіне еліміздің үздік театры - Астана Опера театрының концерт залдарын ұсынып отыр.
Көрермендер байқау ойындарының барысын online режимде Байқаудың - www.astana-app.com желісінде бақылай алады.
Байқаудың географиясы кеңеюде: байқау тарихында ұйымдастыру комитетіне алыс және жақын шетелдерден 45 елден 400-дей өтінімдер келіп түсті және жыл сайын байқауға қатысқысы келетін жас таланттардың саны артып келеді.
2019 жылы 30 қаңтар мен 31 наурыз аралығында (өтінім жинауға бөлінген уақыт), болашақ қатысушылар Байқау сайтына әлемнің 20 елінен 114 өтінім жіберді. Жалпы Ресейден 36 өтінім, Қазақстаннан 20 өтінім, Қытайдан 15 өтінім, Аустралиядан 5 өтінім, Белоруссиядан, Грузиядан, Монғолиядан және Оңтүстік Кореядан 4 өтінімнен, Украина мен АҚШ-тан 3 өтінімнен, Азербайжан, Болгария, Канада, Сербия, Жапониядан 2 өтінімнен, Израиль, Коста-Рики, Румыния, Польша, Тайваньнан 1 өтінімнен келіп түсті.
Іріктеу кезеңінің нәтижесінде келесі жартылай финалистер тізімі белгілі болды:
Кіші топ
Орта топ
1.Eunseo Yoo Seoul, South Korea
2.Kevin Chen Canada, Calgary
3.Xingyu Zhou Philadelphia, United States
4.Кеппель Генри Алан\Keppel Genry Allan Қазақстан, Алматы
5.Довгань Анастасия \Dovgan Anastasiya Ресей, Мәскеу
6.Небаба Анна\Nebaba Anna Украина, Киев\
7.Акулов Пётр\Akulov Pyotr Ресей, Мәскеу
8.Adrian Romoff Boca Raton, Fl, USA
9.Усков Андрей\Uskov Andrey Ресей, Пенза
10. Орлов Федор\Orlov Fedor Ресей, Мәскеу
Үлкендер тобы
Ашылу салтанаты мен Гала концертте көрермендер мен байқауға қатысушылар үшін маэстро Денис Мацуев өнер көрсетеді.
Фестиваль аясында Қазақстан фортепианолық өнер шеберлері - Данияр Есімхановтың (30 сәуірде Астана Опера камералық залында) және қазылар алқасының мүшесі, ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Амир Тебенихиннің (14 мамырда Астан Опера камералық залында) жеке концерттері өтеді, сондай-ақ, қазылар алқасы мүшелерінің шеберлік сабақтары ұйымдастырылатын болады. Бұдан басқа, өткен байқау лауреаттарының концерті де (13 мамыр, Камералық залда) дәстүрлі түрде өтетін болады.
Атап өтетін маңызды жай, байқаудың ұйымдастырушылары жартылай финалға шыққан балалар мен олардың тәлімгерлерінің Нұр-Сұлтан қаласына тегін жолын, сондай-ақ, байқау күндерінде қонақүйде тегін тұруын қамтамасыз етеді.
«Astana Piano Passion» Халықаралық байқауының сыйлық қоры 60 000 АҚШ долларын құрайды. Байқаудың жас қатысушыларының ұстаздарына да сыйлықтар қарастырылған.
Astana Piano Passion байқауының қазылар алқасының төрағасы Денис Мацуев: «Қазақстанның астанасында бесінші рет фестиваль-байқау өтпекші. Осынша уақыт өткеніне сене алмаймын. Біз, Иманғали Тасмағамбетовпен осы жобаны ойластырған кезде, осындай нәтиже болатынын білген жоқпыз. Әлемнің үздік пианистері Нұр-Сұлтан қаласына жиналып, өнерлерін халыққа сыйлап жатыр. Мен осы керемет байқауды ұйымдастырып жатқан, байқаудың өтуіне өз үлестерін қосып жатқан жандарға алғыс айтамын. Керемет қатысушыларды қарсы алып жатқан Қазақстанның қонақжайлылығы оны бүкіл әлемге танымал етті!».
«Accordi di Astana» қоғамдық қорының жетекшісі Елена Коробейникова: «Биыл барлық қатысушылар, сондай-ақ, қазақстандықтар, орындаушылық шеберліктің жоғары деңгейін көрсетеді. Қазақстандық композиторлардың шығармаларын орындау, әрбір қатысушы бағдарламасының міндетті бөлігі екені өте маңызды. Әр елдің қатысушылары біздің отандық шығармаларды орындайды, ал, біз әлемді осылайша Қазақстанның мәдениетімен жақынырақ таныстыра аламыз»,- дейді.
Қазылар алқасының құрамына әлемнің жеті елінен жиналған бүкіл әлемге танымал кәсіби музыканттар, мұғалімдер, продюссерлер кіреді, олар: Валерий Пясецкий (Ресей), Төлеген Мұхамеджанов (Қазақстан), Ли Минцян (Қытай), Максим Могилевский (АҚШ), Борис Петрушанский (Италия), Амир Тебенихин (Қазақстан- Германия) және Мартин Энгстрем (Швеция).
Байқаудың жартылай финалистері мен финалистері аса көрнекті пианистердің шеберлік сабақтарына тегін қатыса алады. Байқаудың ашылу және жабылу концерттеріне, байқау шеберлері мен лауреаттарының концерттеріне билеттер биылғы жылы Байқаудың барлық шаралары өтетін орын, «Астана Опера» МОБТ кассаларында сатылады.
Байқау кестесі
12 мамыр
Үлкен концерттік зал
18:00-де Байқаудың салтанатты ашылу рәсімі және Денис Мацуевтің қатысуымен концерт өтеді.
13 мамыр
Камералық зал
Байқаудың жартылай финалы өтеді
12:00 -14:00 (Кіші топ)
15:00-19:00 (Орта топ)
19:30 Өткен байқау лауреаттарының концерті - Санжарәлі Көпбаев (Қазақстан), Шио Окуи (Жапония), Александр Ключко (Ресей).
14 мамыр
Камералық зал
Жартылай финал жалғасы
12:00 – 18:00 (Үлкен топ)
Осы кеште, 19:00-де Камералық залда ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақконцерттің жеке орындаушысы, халықаралық байқаулардың лауреаты Амир Тебенихиннің жеке концерті өтеді.
15 мамыр
12:00 – 18:00
Камералық зал.
Байқаудың қазылар алқасының мүшелері, пианист Ли Минцзян (Қытай) және Максим Могилевский (АҚШ) финалға өтпей қалған байқау қатысушыларына шеберлік – сабақтар береді. Кіру тегін.
19:00 Байқаудың жартылай финалистерін марапаттау және концерт
16 мамыр
Үлкен концерттік зал
16:00 -17:30 Байқаудың финалы (Кіші топ)
18:00-21:00 Байқаудың финалы (Орта топ)
17 мамыр
Камералық зал
11:00-14:30 Байқаудың қазылар алқасының мүшесі, пианист Борис Петрушанский (Италия) финалға өтпей қалған байқау қатысушыларымен бірге шеберлік-сабақ өткізеді. Кіру тегін.
Үлкен концерттік зал
18:00-22:00 Байқаудың финалы (Үлкен топ)
18 мамыр
Үлкен концерттік зал
18:00 Байқаудың салтанатты жабылу рәсімі және Денис Мацуевтің қатысуымен Гала концерт.