
Талдықорған қаласында V Жастар арасындағы спорт ойындары өтіп жатыр. 10 наурызда Шымкент қаласында бастау алған бәсеке жазғы олимпиада бағдарламасына кіретін 36 спорт түрін қамтиды.
Бүгін Талдықорғанда грек-рим күресінен үздік шыққандар белгілі болды. Жалпы 6 спорт түрінің қорытындысы бойынша бірінші орында Алматы қаласы (129 ұпай), екінші орында Шымкент (118), үштікті Алматы облысы (116) түйіндеп тұр.
Айта кетейік, еліміздің 3 қаласы мен 14 облысынан спортшылар қатысып жатқан бұл ойындар тамызда Теміртау қаласында өз мәресіне жетеді.