Көкпар мен аударыспақтан ел чемпионаты аяқталды

Көкпар мен аударыспақтан ел чемпионаты аяқталды

Тараз қаласындағы «Әулие-Ата» атшабарында көкпар мен аударыспақтан XX Қазақстан чемпионаты өтті.

Биылғы чемпионаттың бірқатар жаңалығы бар. Аударыспақтан дәстүрге айналған 5 салмақ бойынша емес, спортшылар жаңа 8 салмақ бойынша кім мықтыны анықтады. Ал көкпардан командалар биылдан бастап екі лигаға бөлініп сынға түседі. Жоғарғы лигада 6 команда, бірінші лигада 10 команда.

Жоғарғы лига: СҚО, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Қызылорда, Ақмола облысы. Бірінші лиганың командалары: Шымкент қаласы, Маңғыстау облысы, Қостанай облысы, Қарағанды облысы, БҚО, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы облысы, Ақтөбе облысы.

Аударыспақтан өткен жарысқа еліміздің 15 өңірінен 71 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынға 2 алтын 2 күміс жүлде иеленген Ақтөбе облысы ие болса, екінші орынды 2 алтын 1 күміс 2 қола жүлде жеңіп алған Түркістан облысының спортшылары тұр. Үздік үштікті 2 алтын 1 қола жүлде жеңіп алған жарыс қожайындары Жамбыл облысы қорытындылады.