«Сарыарқаның киелі ландшафты» кітабының тұсаукесері өтеді

«Сарыарқаның киелі ландшафты» кітабының тұсаукесері өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және көпшілікке тарату мақсатында жетекші жоғары оқу орындарымен, ғалымдармен, археологтармен белсенді ынтымақтастық жасайды.

2021 жылдың 9 сәуірінде «Бозоқ» қорық- музейі Л. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы К.Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институтының ұжымдық монографиясы (М.К. Хабдулина, Д.Т.Тлеуғабылов, А.Т.Дукомбаев, Т.В.Кошман, Г.К.Букешева, К.С.Сапарова, А.М.Ғайса, Ж.Л. Бонора) «Сарыарқаның киелі ландшафты» атты кітабының тұсаукесерін өткізуді жоспарлап отыр.

Монография қазақстандық және шетелдік ғалымдардың ұжымдық еңбегі. Монографияда Солтүстік Сарыарқаның екі жергілікті аймағын: Ақмола облысындағы Есіл мен Теңіз-Қорғалжын оазисін зерттеу мысалында ландшафтты сақтау шарттары мен механизміне сипаттама ұсынылады, ежелгі және ортағасырлық дәуірлердің тарихи-мәдени, этностық, интеграциялық процестеріндегі ғибадат мемориалдарының рөлі көрсетілген.

Киелі ландшафт-діни нысандар түрінде із қалдырған адамзат баласының рухани іс-әрекетімен өзгерген геомәдени кеңістік. Оның материалдық көрсеткіші - үйінділер түріндегі археология ескерткіштері, ежелгі қалалардың, құлшылық етуге арналған храмдардың қирандылары, тасқа салынған суреттер саналады.

Сарыарқа - аумағы жағынан үлкен, әртүрлі ландшафттар кешенінен тұратын табиғи-географиялық құрлық. Сарыарқаның дала белдеуі әртүрлілігімен ерекшеленеді және меридиандық сипаттағы мәдени байланыстарға бейім. Кітапта Сарыарқа ерекше киелі локус ретінде ұсынылған, оның мәдени ландшафты алдыңғы ұрпақтардың мыңжылдық қызметімен қалыптасқан. Әрбір тарихи-мәдени дәуір осы кеңістікте өзінің киелі орталықтарын қалдырған.

Кітаптың тұсаукесеріне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, белгілі ғалымдар, археологтар мен этнологтар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, қоғам өкілдері қатысады.

Қатысушылар саны: 20 адам.

Тұсаукесерді өткізу залында пандемия жағдайында барлық қауіпсіздік шаралары сақталады, сондай-ақ ZOOM интернет-платформасы арқылы іс-шараға онлайн-қатысу мүмкіндігі беріледі.

Өтетін орны: ҚР Ұлттық музейі, Нұр-Сұлтан қ., Тәуелсіздік даңғылы, 54

Басталуы: сағат 10:00

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары:

+ 7 (7172)999 -062; 87021900284, e-mail: b_kulzhanova@mail.ru