
IV «Зов Урала» халықаралық конкурс-фестивалі жеңімпаздар есімін жариялады, - деп хабарлайды bashinform.ru
29 - 31 наурыз аралығында Башқұртстан Республикасының астанасы Уфа қаласында өткен IV халықаралық «Зов Урала» конкурс-фестиваліне Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Түркия мемлекетінен 80- нен астам кәсіби, көркемөнерпаздар, студенттер мен балалар оркестрлері қатысты.
Халықаралық өнер байқауында Алматыдағы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ БАС ЖҮЛДЕ жеңіп алды.
Әр түрлі аталымдар бойынша I орын алғандардың қатарында қазақстандық екі ұжым бар. Олар: «Аманат» фольклорлы ансамблі (Ақтөбе қ.) мен «Мұрагер» қазақ ұлт аспаптар халық ансамблі.
Фестивальдің құрылтайшысы – Башкұртстан Республикасының Мәдениет министрлігі мен Хусаин Ахметов атындағы башқұрт мемлекеттік филармониясы.
Біздің анықтама:
А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған халық аспаптар оркестрін 1972 жылы сол кездегі бөлім меңгерушісі, домбырашы Исахан Бейсенұлы Айтжанов ашып, дирижері болды. Алғашқы құрамда 18 оқушы болған.
1981 жылы оркестрге Аскаров Шынарбек жетекшілік етті. Оркестр 1985 жылы Сочиде өткен бүкілодақтық «Артек–1985» конкурсында лауреат атанып 1-ші орынға ие болды. 1987 жылы Алматы каласында өткен «Жігер» атты фестивалінде 1 орын және сол жылы өткен республикалық оркестрлер конкурсында 1орын лауреат атағын жеңіп алды.
Одан кейін оркестрге ҚР Халық артисі, профессор Алдаберген Мырзабеков келіп 1992-1994 жылдары жетекшілік етті.
2002-2005 жылдары Самат Құрмантаев, 2014-2015 жылдары Берік Батырхан дирижерлар оркестрге жетекшілік жасады.
2017 жылы Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында өткен І-ші халықаралық «Наурыз әуендері» атты халықаралық фестивальде 1орын лауреаты атанды. Оркестр дирижері халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Нұркен Әшіров болды.
Оркестрдің қазіргі дирижері: халықаралық байқаулардың лауреаты – Бекболат Әбдіберікұлы.