Майра Мұхаммедқызы "Bravo" халықаралық сыйлығының жеңімпазы атанды

Майра Мұхаммедқызы "Bravo" халықаралық сыйлығының жеңімпазы атанды

Классикалық өнер саласындағы "Bravo" халықаралық кәсіби музыкалық сыйлығын тапсыру салтанаты Мәскеудегі Үлкен театрдың тарихи сахнасында өтті, деп хабарлайды kazembassy.ru/kaz

Қазақстандық опера әншісі, Шымкенттегі опера және балет театрының директоры Майра Мұхаммедқызы серіктес елдердің ең танымал классикалық орындаушылары номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Майра Мұхаммедқызы  Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көптеген танымал халықаралық байқаулардың лауреаты, Париждегі "Гранд Операның" алғашқы қазақстандық солисті. 

"Bravo" сыйлығы 2017 жылы құрылды және 2018 жылдан бастап жыл сайын классикалық және танымал музыка саласында беріледі. 

Айта кетейік, сыйлық иегерлері музыка индустриясының кәсіби мамандары ұсынған және концерттерге сатылған билеттер саны, синглдер мен альбомдардың таралымы, әндердің радио мен теледидарда танымал болуы, YouTube-те қаралу саны, бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған мәліметтер және т.б. аналитикалық көрсеткіштердің нәтижелері бойынша анықталады.