
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Ресей Федерациясы Москва қаласындағы «ГУЛАГ тарихы» музейімен әріптестік қатынас орнатты.
Мақсат- 1932-1950 жылдары Атырау, Астарахан территориясында орналасқан Прорва және Астрахань лагерлерін бірлесе зерттеу, 2022 жылы «ГУЛАГ тарихы» музейімен бірлескен көрме өткізу.
Аталған іс-шаралар Сарайшық музей қорығының ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020-2022 жылдарға араналған гранттық қаржыландыру жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр.
Қазақстан Республикасының Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Е. Көшербаевқа Қазақстан және Ресей музейлерінің бірлескен жобаларының барысы туралы 2021 жылдың 26 наурызында «ГУЛАГ тарихы» музейінің директоры Р. Романов баяндады.
Айта кетейік, гранттық жоба құрамында «ГУЛАГ тарихы» музейі КСРО-дағы қуғын-сүргін тарихы бойынша танымал ғалым, т.ғ.д., профессор Г.М. Иванова бар.