
Майнюра Саветовна Мурзамадиева 1963 жылы 20 тамызда дүниеге келген.
1985 жылы Ф.Энгельс атындағы Ленинград сауда-экономикалық институтын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлыбритания, АҚШ елшілігінің қызметкері ретінде қызметтер атқарды.
2007-2016 жылдары – Нидерланды Корольдігінде және Норвегия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті Елшісі, ҚР-дың Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы жанындағы тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болды.
2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасы.