
Алмат Қожагелдіұлы Сүйінов 1987 жылы туған. Қазақ гуманитарлық Заң университетін, «Қайнар» университетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану, қаржы мамандықтары бойынша бітірген. Заң ғылымдарының магистрі.
Алмат Қожагелдіұлы түрлі жылдары «Энерго-Профит» ЖШС заң кеңесшісі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының заң кеңесшісі, ректордың кеңесшісі, заң қызметінің жетекшісі; «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамының менеджері қызметтерін атқарды.
2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Заң қызметі департаменті наразылық-талаптар жұмысы басқармасының басшысы, министрдің кеңесшісі қызметін атқарды.
2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Білім, ғылыми және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директорының орынбасары, 2017 жылдың шілде айынан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Білім, ғылыми және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры лауазымын атқарды.