
Анастасия Лаврова - 1995 жылы 26 шілдеде дүниеге келген. ҚР спорт шебері. Үздік нәтижесі – ҚР чемпионы.
Анастасия үстел теннисінен Дохада өткен орта-азия өңірлерінің іріктеу турнирінде жолдамаға ие болды. Ережеге сәйкес, турнирде ОИ екі лицензия ойнатылды. Біреуі ерлерде, біреуі әйелдерде.
Жарыс финалында қазақстандық спортшы өзбек спортшысы Мархабо Магдиеваны 4-2 есебімен ұтып, олимпиадаға жолдама ұтып алды. Айта кетейік, бұл еліміздің үстел теннисіндегі жалғыз лицензия.