Ұлытауда Көкмайса-2019 этнофестивалі өтті

Ұлытауда Көкмайса-2019 этнофестивалі өтті

«Ұлытау» Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында «Көкмайса-2019» этнофестивалінің қосалқы ұйымдастырушысы болды.

Бағдарлама аясында қорық-мұражай қызметкерлері БАҚ өкілдерінің өңірдегі Алашхан, Жошыхан, Домбауыл кесенелері, Хан Ордасы, Алтыншоқы тәрізді табиғат және тарихи-мәдени ландшафты ескерткіштерін, «Көкмайса-2019» этнофестивалін, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ұлытау» Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының салынып жатқан Визит орталығын көрсетуге арналған баспасөз турын,  «Ел қамын жеген Едіге» ғылыми-тәжірибелік конференция қатысушылары үшін, Едіге кешеніне альпинианада, «Киіз үй экспозициясы» фотосурет аймағын, «Ши тоқу» мен «Бел байлау», «Тері бұйымдарын бояу» ежелгі технологиялар бойынша шеберлік сыныптарын, «ЭтноАрт»  қолөнершілердің заманауи этностудиясының жәрмеңкесін, Теміртау қаласы №15 мектеп-гимназиясы оқушыларына арналған сынама тур ұйымдастырды.

Қорық-мұражай ұйымдастырған баспасөз тур қатысушылары – «Казконтент», «Апорт» телекомпаниясының, SARYARQA және AQSHAM телекомпанияларының түсірілім топтары, «Индустриальная Караганда» газетінің тілшілері, кәсіби фотосуретшілер мен тәуелсіз блогерлер болды.

Іс-шара барысында «Ұлытау» Ұлттық қорық-мұражайының тарихи-мәдени мұрасының ескерткіштерін қорғау және дәріптеу, өңірдің туристік әлеуеті мен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Ұлытау» Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының Визит орталығы жайлы сұхбат берілді, «Көкмайса-2019» бейне-фотосурет арнайы қоры жасалды.

«Көкмайса-2019» этнофестивалі –  қазіргі күнге дейін сақталған және Дүниежүзілік ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұралары тізіміне енгізілген, көктемгі жорағыларды көрсететін, «Терісқаққан көктемі», «Ұлытау қымызы-2017», «Көкмайса-2018» бесжылдық фестивалі циклінің жалғасы. Зерттеуге «Ұлытау» Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі,  Қазақстан Республикасындағы мәдениет және спорт министрлігінің ЮНЕСКО Материалдық емес мәдени мұралар  комитеті бастамашы болған, «Жылқышылардың дәстүрлі көктемгі мейрамы немесе «бие байлау», «айғыр қосу», «қымыз мұрындық» тәрізді жоралғыларының циклі бүкіл Қазақстан үшін негізгі сенсацияға айналды.

Биылғы жылы «Көкмайса-2019» этнофестивалі конференция аудиториясына Едіге шыңына альпиниада, «Алтыбақан әуендері» ән кешін, дәстүрлі әншілер мен бардтардың мәдени сайыстарын, «Ақсүйек», «Аударыспақ», «Асау үйрету», «Теңге алу», «Қыз қуу», «Көкпар», «Аламан бәйге» тәрізді ұлттық ойындарды ұсына отырып, өзінің тұжырымдамасына өзгерістер енгізді.