
2019 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметі жарлығымен 2025 жылға дейін туризм индустриясын дамытудың бірінші мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.Сондай-ақ салалық заң жобасын әзірленді.Бүгінгі таңда 2025 жылға дейінгі туризм индустриясын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы арқасында аймақтық даму тұжырымдамасы айтарлықтай өзгеруде.Қазақстандағы туризмді дамыту картасы құрылды, онда ең ірі 10 туристік бағыт және 50 аймақ анықталды.
31 мамырда еліміздің Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша алғашқы қадам жасалды - премьер-министр Асқар ҰзақбайұлыМаминнің қатысуымен Ақтаудағы туристік кешен құрылысының символикалық тасы қаланды.
Ақтоты Райымқұлова мемлекеттік бағдарламаның жаңа шараларымен қатар, бүгінгі күні министрліктің халықаралық туристті тарту бойынша теңдессіз қадамдар жасалғанын атап өтті.
«Ең алдымен, азаматтардың Қазақстан аумағына визасыз кіруге құқығы бар мемлекеттердің тізімі кеңейтілді - бұл 64 сапалы, икемді туристі бар әлемнің саяси дамыған және тұрақты елдері. Екіншіден, Үндістан мен Қытай азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз транзит енгізілді.Бұл 2018 жылы осы елдерден 22 мың туристті қабылдауға мүмкіндік берген бірінші табысты тәжірибе, ол экономикаға 16 миллион долларға жуық табыс алып келді. Үшіншіден, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлемнің 128 еліне арналған E-VISA электрондық виза тетігі, сондай-ақ «Жібек жолы» визасы қолданылатын болады, бұл шетелдік қонақтарға 30-дан 5 күнге дейін виза алу уақытын қысқартады», - деді министр.
Қазақстанды туризмнің әлемдік картасында маркетинг пен ілгерілету үшін Әмірліктермен, Чехиямен, Грузиямен және басқа да елдерге ұқсас, туристік жарнаны енгізу - тек қана шетелдік азаматтардан бір түнге 2-4 доллар көлемінде ғана төленетін салық енгізу қолға алынып жатыр.
Сондай-ақ, жасөспірімдер мен балалар туризмін және отандық туристік ағындарды ынталандыру мақсатында «1 + 2» схемасын қолдана отырып «KIDS GO FREE» қағидасы бойынша балаларға арналған тегін әуе жолдарының әуе маршруттарын субсидиялау жоспарлануда. Сонымен бірге, 2020 жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде тегін «Балалар туристік пойызы» іске қосу жоспарланып отыр.Оған әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар, білім беру жарыстарының жеңімпаздары, оқу озаттары және т.б. тартылады.
