Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендер мен әскерилерді қолдау мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендер мен әскерилерді қолдау мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырады

27 маусым күні Арыс қаласына «Арыс, біз біргеміз!» гуманитарлық көмек мақсатындағы көмек керуені жөнелтіледі.

Сондай-ақ, мәдениет және спорт қайраткерлері халықтың рухын көтеріп эвакуацияланған тұрғындар мен әскерилерді қолдау мақсатында Арыс қаласына аттанатын болады. Акцияны мәдениет қайраткерлері Сәкен Майғазиев, Қыдырәлі Болман, «Жігіттер» тобы, Ернар Айдар, Майра Мұхамедқызы,  Нұржамал Үсенбаева, Жеңіс Сейдуллаұлы, Әуелбекова Мөлдір, Бүркіт, Әйгерім Қалаубаева, Құрмаш Маханов, Алтынай Жорабаева, Ақбота Керімбекова, «Заман» тобы, Ұлықбек Есдәулет, Жанболат пен Жазира Байырбековтер, Қайрат Әділгерей, Жұбаныш Жексенұлы, Жанар Дұғалова, Әлішер Каримов, Арман Дүйсенов, Майра Ілиясова, Айгүл Қосанова, Нұрлан Албан, Жанар Айжанова, Зарина Омарова, Бейбіт Кушкалиев, Аманжол Әлтаев, Мухтар Ниязов, Кайрат Нұртас, Гүлнүр Оразымбетова, Серік Ибрагимов спорт қайраткерлері Ермахан Ибраимов, Бахтияр Артаев, Серік Сәпиев және басқалар.

Сондай-ақ, эвакуацияланған жергілікті тұрғындар мен әскерилердің демалыстары уақытында ұлттық фильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылады.

27-30 маусым күндері Алматы облысы Панфилов қаласында ұлттық ат спорт түрлері түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатын өткізу жоспарланып отыр. ҚР этноспорт Қауымдастығы спортшылар атынан ақша қаражатын зардап шеккен тұрғындарға аударатын болады.

28 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында MMA М1 Global Challenge бойынша кәсіби турнир өтеді. Қазақстаннан қатысатын кәсіби спортшылар жүлделік қаражаттарын Арыс қаласының балаларына аударады.

5 шілде күні Алматы қаласында Қанат Исламның WBO Intercontinental титулы үшін кәсіби жекпе-жегі өтеді. Сондай-ақ, Қазақстанның кәсіби спортшылар Арыс қаласының тұрғындарын қолдайтын болады.

25 маусым-6 шілде аралығында барлық азаматтар үшін «Арыстанбаб», «Әзірет-Сұлтан» және Түркістан облысының тарихи және мәдени нысандарына тегін кіру мүмкіндігі қарастырылды. 

Естеріңізге салсақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және министрлікке бағынысты ұйымдардың қызметкерлері, «Nur Otan» партиясының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының мүшелері жергілікті халыққа көмек көрсету қорының есебіне бір күндік жалақыларын аударған болатын. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Арыстағы оқиғадан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуге шақырады.