Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мекемелерден жасақталған «Арыс, біз біргеміз!» атты гуманитарлық көмек автокеруені Түркістан облысына келді

Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мекемелерден жасақталған «Арыс, біз біргеміз!» атты гуманитарлық көмек автокеруені Түркістан облысына келді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызының бастамасымен Арыстағы ағайынға көмек ретінде бірқатар шаралар ұйымдастырылуда. Аталмыш министрлікке бағынысты ұйымдардың қызметкерлері бір күндік жалақыларын апат аймағына аударып отыр. Сонымен қатар «Арыс, біз біргеміз!» атты гуманитарлық көмек акциясы аясында автокеруендер жөнелтілуде. Зардап шеккен ағайынға дайындалған көмек керуенінде балаларға, ерлерге, әйелдерге арналған киім-кешектер, азық-түліктер, жеке басқа арналған гигиеналық заттар тағы да басқа көптеген қажетті заттар бар.


Керуеннің алғашқыларының бірі болып бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев, ректор кеңесшісі Ермек Скаков, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіхалықов бастаған Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мекемелерден жасақталған «Арыс, біз біргеміз!» атты гуманитарлық көмек автокеруені Шымкентте орналастырылған Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарды аралауда.Керуен құрамында Құрманғазы оркестрінің директор орынбасары Мұхамбет Ешмұханов, Мемлекеттік архив директоры Арнұр Қарымсақов және елімізге белгілі өнер саңлақтары, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Еркін Шүкіман Асылбек Боранбай, Нүркен Әшіров, консерватория профессоры, Мәдениет қайраткері Ерсайын Басықара тағы да басқа өкілдер бар.