
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы “Еуразия” халықаралық кинофестивалі аясында бірлескен ко-өндіріске арналған киножобалардың конкурстық іріктеуі өтті. Конкурстық іріктеуге отыздан астам жобалар келіп түсті. Олардың ішінен питчиннгrе қатысатын әр кезеңдегі 19 перспективалық жобалар таңдалды. Бір жобалар дайындық кезеңінде болса, екіншілері өндірісте. 19 жобаның он үші көркем фильмдер, бесеуі анимациялық картиналар және бір деректі фильм.
Конкурсқа шетелдік кинокомпаниялар тарапынан қызығушылық тудырған және әлеуетті ынтымақтастық туралы құжаттары бар жобалар жіберілгендігін айта кету қажет.
Питчингке Дәрежан Өмірбаев, Нариман Төребаев, Эмир Байғазин, Әділхан Ержанов сынды авторлық кинолардың танымал кинорежиссерлары және халықаралық продюссер Анна Качко қатысты.
Таныстырылымдарды көргеннен кейін, қазылар алқасы көрсетілген киножобалар бойынша бағаларын берді, сондай-ақ питчинг қатысушыларына өз ұсынымдарын айтты. Халықаралық жюри іріктеген жобалар кейіннен ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу кезінде қарау үшін ұсынылатын болады.