«Қазақконцерт» ұйымы – «Жер сағаты» бүкіләлемдік акциясына қатысты

«Қазақконцерт» ұйымы – «Жер сағаты» бүкіләлемдік акциясына қатысты

Бүгін «Қазақконцерт» ұйымы дүниежүзіндегі ең ауқымды бастама – «Жер сағаты» бүкіләлемдік акциясына қатысты.
⠀
Сағат 20:30-да «Қазақконцерт» ұйымына қарасты еліміздің ең үлкен «QAZAQSTAN» орталық концерт залы ішкі және сыртқы жарық құралдарын сөндірді. Әлемнің үздік архитектуралық жобасы болып саналатын «QAZAQSTAN» концерт залы экологиялық мәселелерге бей-жай қарамайтындығын көрсетті.
⠀
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан акцияға елордадағы өзге де 150 нысан қатысып, электр қуатынан ажыратылды.
⠀
Жалпы, дүниежүзіне танымал акцияға жыл сайын 180 елден миллиондаған адам қатысып, 1 сағатқа жарық құралдарын өшіреді. Бір сағаттық акция ғаламшарды бірден қалпына келтірмесе де, ауаны ластайтын электр қуатын бір сағатқа тежеп, қашықтыққа қарамастан адамзаттың бірлесуіне өз үлесін қосады.