
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дәуешовтың төрағалығымен «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратында кәсіпорынның 2021 жылдың жоспарына сәйкес атқарылатын ғылыми-реставрациялық жұмыстар бойынша жиын өтті.
Жиын барысында Түркістан қаласындағы «Әзірет-Сұлтан» қорық мұражайы және «Отырар» қалашығы аумағында орналасқан тарихи ескерткіштерге ғылыми-зерттеу, ғылыми-реставрациялық жұмыстардың бағыт-бағдары ұсынылып, алдағы уақытқа жоспарлар айқындалды.