
Бүгін Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан Grand Slam бəсекесі басталды. Халықаралық турнир 28 наурызға дейін жалғасады.
Бұл додада бақ сынайтын Қазақстан құрамасы:
Ерлер:
Бауыржан Жауынтаев, Тоқтар Үміталиев (60 кг дейін);
Айболат Ыстыбай, Ғұмар Қырғызбаев (66 кг дейін);
Данияр Шамшаев (73 кг дейін);
Руслан Мұсаев, Дидар Хамза (81 кг дейін);
Ислам Бозбаев ( 90 кг дейін), Сұңғат Закарияев (100 кг дейін), Ерасыл Қажыбаев және Ғалымжан Қырықбай (100 кг жоғары).
Әйелдер:
- 52 кг Меруерт Сәрсенова
- 57 кг Севара Нышанбаева
- 70 кг Жанар Қашқын
+ 78 кг Назгүл Маратова
Бас бапкер: Ерлан Алпысбаев.
QAZSPORT телеарнасындағы көрсетілім уақыты:
26 наурыз, 19:00-де;
27 наурыз, 19:00-де;
28 наурыз, 19:00-де.