Павлодарда спорттан V Жастар ойындары өтіп жатыр

Павлодарда спорттан V Жастар ойындары өтіп жатыр

Павлодар қаласында спорттан V Жастар арасындағы ойындар өтіп жатыр. Ойындар бағдарламасына 36 жазғы спорт түрі кіреді.

Бүгін Павлодарда еркін күрес пен әйелдер күресінен бәсекелер аяқталды. Төрт спорт түрі бойынша бірінші орында – Алматы қаласы (103 ұпай), екінші орында Шымкент (83 ұпай), үштікті Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары 69 ұпаймен түйіндеді.

Айта кетейік, жастар ойындары 10 наурызда Шымкент қаласында ашылған. Төрт жылда бір рет өткізілетін ойындардың жабылу рәсімі 1 тамызда Теміртау қаласында өтеді.