Ғабидолла Әбдірахымов туризм саласындағы инвестициялық жобалармен таныстырды

Ғабидолла Әбдірахымов туризм саласындағы инвестициялық жобалармен таныстырды

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов ұлттық комиссия отырысында туризм саласында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар жайлы баяндады.

Бұл салада жүзеге асырылып жатқан жобалар:1) Түркістан қаласының халықаралық әуежайы;

2) Түркістан қаласындағы «Керуен Сарай» көпфункционалды туристік кешені;

3) Ақтау қаласы Каспий теңізінің жағалауындағы Rixos Water World Aktau отбасына арналған бес жұлдызды қонақ үй кешені;

4) Ақтау курорт аймағын дамытудың екінші фазасы, оның шеңберінде екі жыл ішінде мынадай ірі жобаларды іске асыру көзделеді:

– Тақырыптық парк, гольф-клуб, сауда орталығын және қонақ үйлерді қамтитын кешен салу;

– Bi Group компаниясымен виллалар мен апартаменттер кешенін, Double Tree by Hilton төрт жұлдызды қонақ үй кешенін салу;

– Bazis-A компаниясымен Aqualina Resort курортты-қонақ үй кешенін салу;

5) Маңғыстау облысы Қарақия ауданында Safari Hotel қонақ үй кешені мен «Сапар орталық» салу;

6) Шығыс Қазақстан облысында «Катонқарағай» қонақ үй-ойын-сауық кешенін салу;

7) Алматы облысында халықаралық деңгейдегі Medeu қонақ үй кешенін салу;

8) Алматы облысында Butakovka Wellness & SPA сауықтыру кешенін салу;

9) Алматы облысында S. N. e.G. эко-қонақ үйлер желісін салу;

10) Түркістан облысында «Қасқасу» тау шаңғысы курортының құрылысы;

11) Нұр-Сұлтан қаласында көпфункционалды туристік аудан құру.

Сондай-ақ, вице-министр биыл жалпы сомасы 1,1 триллион теңгеге жеке және мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланғанын, олардың шеңберінде туризм саласында шамамен 22 мың жұмыс орны, аралас салаларда 100 мың жұмыс орны құрылатынын баяндады.