
Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтің қатысуымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында өткен жылғы жұмысты қорытындылауға арналған директорлар кеңесінің отырысы өтті.
Басқосуға директорлар кеңесінің мүшесі Арманжан Байтасов, киностудия Президенті Ақан Сатаев, Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова (ZOOM платформасы арқылы), корпоративті хатшы Рая Демеубаева, киностудия вице-президенті Айдархан Әділбаев қатысты.
Кездесу барысында директорлар кеңесінің қарауына «Қазақфильм» киностудиясының жаңа ұйымдық құрылымы ұсынылып, директорлар кеңесі жанындағы комитеттер құрамына өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Кездесу соңында жиналғандар корпоративті хатшының директорлар кеңесінің 2020 жылғы қызметі туралы есебін тыңдады.
Директорлар кеңесінің төрағасы, Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты киностудия басшылығына мерекеге арналған бірқатар іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жеке тапсырма берді.