
WBO Inter-Continental атағы үшін жекпе-жекте бірінші жартылай орта салмақтағы, ешқашан жеңіліп көрмеген боксшымыз Жанқош Тұраров 29 жасар аргентиналық Максимилиано Годойды нокаутқа жіберді.
Кездесу он раундқа есептелген болатын, алайда уақытынан бұрын аяқталды: 28 жасар Тұраров үшінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, кездесудің соңғы нүктесін қойды. Осымен боксшымыз өзінің рекордын жаңалады: 24 жекпе-жекте 24-ші жеңіске (17 нокаутпен) жетті.