
Бүгін «Сарыарқа» велотрегінде Наурыз мейрамы қарсаңында волейболдан ашық турнир өтті. Жарыста Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ұйымдардың қызметкерлерінен құралған 5 команда сынға түсті: Астана Опера, «Қазақконцерт» ОКЗ, «Олимпик» ( «Нұр-Сұлтан олимпиадалық даярлау орталығы», Республикалық дене шынықтыру және спорт бойынша оқу- әдістемелік және сараптамалық орталығы", Қ.Мұңайтпасұлы атындағы республикалық мамандандырылған спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжі), «Қаллеки» - Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драматикалық театры, «Жеңіс» ( «Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығы), Ұлттық штаттық және спорттық резерв дирекциясы.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командалар:
1 орын – Олимпик;
2 орын – «Қазақконцерт» ОКЗ;
3 орын – Астана Опера;
4 орын – «Қаллеки»;
5 орын – «Жеңіс».
Айта кетейік, турнирге 2 әйелдер командасы қатысты, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі қызметкерлерінен құрылған «Әуен» командасы мен Нұр-Сұлтан қаласы Олимпиадалық даярлау орталығының «Жеңіс» командасы. Жеңіс «Әуен» командасына бұйырды.
Турнирдің барлық қатысушыларын келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!