«Сатылай кешенді оқыту» технологиясының зертханасы ашылды

«Сатылай кешенді оқыту» технологиясының зертханасы ашылды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Бейімбет Майлин атындағы  № 52 мектеп-гимназиясы КММ-де «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының зертханасын ашуға  байланысты қалалық білім басқармасы офлайн және онлайын форматында жиын ұйымдастырды.

Жиынға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының басшылары, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшылары, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің өкілі - Тілепбердиев Ерқожа Әлқожаұлы, Қоғам қайреткері, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы директорының кеңесшісі  – Оразкүл Асанғазықызы, № 66 - мектеп-лицей директоры - Шаяхметова Айтжан Ермұханқызы бастаған мектеп директорлары  және зиялы қауым мен қоғам қайраткерлері, қала мектептерінің ұстаздары мен шәкірттер қатысты.

Жиынды ашқан № 52 мектеп-гимназиясының директоры Байтасова Ұлбосын Бекмырзақызы: «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Ресей Жаратылыстану ғылымдар» академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті, «Ы. Алтынсарин» төс белгісінің иегері, «Оқулық» орталығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сараптау Кеңесінің төраймымы, жалпы 230-ға жуық ғылыми-әдістемелік еңбектері мен мақалалары жарық көрген Нұрша Алжанбайқызының өміріне тоқтала келіп, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының 1994-1995 оқу жылынан бастап жүргізіліп келе жатқанын,  2013 жылдан бастап Нұр-Сұлтан (Астана) қаласы мектептерінде тәжірибелік алаңдар бойынша атқарылып жатқанын, жалпы технологияны Республика бойынша Батыс Қазақстан облысында 2 мектеп, Алматы облысында 5 мектеп 10 пән бойынша енгізіліп жүргізілуде, сонымен бірге Қызылорда қаласы Б.Шалғынбаев атындағы № 217 IT мектеп-лицейінің жоғары санатты педагог-зерттеушіcі Айнұр Сақтағанова да ұзақ жыл бойы осы әдістемемен шәкірттерін тәрбиелеп, үздік жетістікке жетіп жүргенін жеткізді. Осы технология арқылы Республика көлемінде бірнеше мұғалім «Үздік педагог» атағына ие болды, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының бірнеше мұғалімдері бар екенін айтты.

Мәдениет және спорт министрлігі – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі Е. А. Тілепбердиев өз кезегінде, Зертхананың ашылуы Мәдениет және спорт министрлігінің А. Байтұрсыновтың жүз елу жылдығын өткізуге арналған Жоспарына сәйкес келетін, барша халықымыздың ұстазына арналған үлкен сый екенін, басқа ұстаздардың да жоспарланған іс-шараларға ат салысулары керек айтты.

Автордың «сатылай оқыту технологиялық кешенінің» тек қазақ тілін ғана емес басқа пәндерді де терең меңгеруде таптырмас әдістеме екеніне тоқталды. Ұлтымыз үшін бірегей технологияны Мәдениет және спорт министрлігіне бағынышты Қ. Мұңайтпасов атындағы «Олимиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің мұғалімі Айнаш Алиева да интернет арқылы меңгеріп, шәкірттерін оқытуда, тәрбиелеуде пайдаланып жүргенін, өте тиімді әдістеме екенін айтқанын жеткізді.

Ел Президентінің халыққа айтқан, «Мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлығы ең төмен Елдер қатарында болуы керек» деген жолдауына орай, үстіміздегі жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттік пен Мәдениет және спорт министрлігі Мемарандумға қол қойып, «Адалдық алаңы» аясында «Парасат жолы» жобасын құрғанын, бұл жобаға ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, жалпы зиялы қауым үн қосып жатқанын айта кетті. Сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін қоғам құру жолында ұстаздардың үлесі зор екенін, осы іске ат салысулары керек деді. Еліміздің болашғы мекетептен тәрбие алып шыққан шәкірттердің қолында. Олай болса «Сатылай оқыту технологиясының» шәкірттерді ұлттық  дәстүр мен салтты білуге, тілімізді терең меңгеруге, рухын ояутуға, арлы, ұятты ұрпақ тәрбиелеуге өте зор үлес қосатын бірегей технологиялық кешенді зиялы қауымның қолдайтынын айтты.  Авторға зор еңбегі үшін алғыс айтты.