Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы көркем фильм көрсетілді

Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы көркем фильм көрсетілді

Бүгін Республикалық дене шынықтыру және спорт бойынша оқу-әдістеме, сараптама орталығы жаттықтырушы-оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курсы аясында қазақтың біртуар ұлы, палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы көркем фильмнің көрсетілімін ұйымдастырды.

Курсқа қатысуышылар Abai TV арнасында жарық көрген «Беймәлім дерек» арнайы бағдарламасын тамашалап, күш атасы туралы қызық деректерді білді.

Қажымұқан Мұңайтпасұлы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскер мен тылға көмек көрсету мақсатында өзінің арнайы қойылымдарынан түскен қаражатқа Амангелді Имановтың атына берілген ұшақты сатып алып, майданға жөнелткен. Сонымен қатар палуан Қазақстан тарихында алғаш рет кәсіби театр құрған.

Орталық биыл Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығын мерекелеу аясында осындай бейне материалдарды тұрақты түрде көрсетуді жоспарлап отыр.