
Шымкент қаласында көркем гимнастикадан V Жастар арасындағы ойындар өтіп жатыр.
Додада олимпиада бағдарламасына кіретін 36 жазғы спорт түрі бар. Оның 6-нан (садақ ату, оқ пен стенд ату, гандбол, бадминтон, көркем гимнастика) бәсекені Шымкент қаласы қабылдайды.
Жарысқа еліміздің 3 қаласы мен 14 облысынан келген спортшылар қатысып жатыр. Бүгін оқ ату мен көркем гимнастикадан қорытынды шықты. Бірінші орында Шымкент қаласының спортшылары (66 ұпай), екінші орында Нұр-Сұлтан – 61 ұпай, үштікті Алматы қаласының спортшылары 47 ұпаймен түйіндеді.
Айта кетейік, Жастар ойындары 10 наурызда ашылған болатын. Жарыстың ашылуына Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қатысты.
Ойындар осы жылдың наурыз-тамыз айы аралығында өтеді. Аталған жарыс төрт жылда бір рет өткізіліп тұрады.
Жарыстың жабылуы – Теміртау қаласында 1 тамызда өтеді деп жоспарланған.