Ұлттық Ұлан ән-би ансамбілінің ұжымымен кездесу өтті

Ұлттық Ұлан ән-би ансамбілінің ұжымымен кездесу өтті

"Мәдениет және спорт министрлігі - Адалдық алаңы" Жобалық кеңсесінің – өкілі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын – сазгер Е. А. Тілепбердиев Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан ән-би ансамбілінің ұжымымен кездесті.

Жиында Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы өтіп жатқан іс-шаралардың пайдасы мен оған жеке шығармашыл адамдар мен өнер ұжымдарының белсенді араласуы туралы сөз қозғалды.

Ерқожа Әлғожаұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сахнада көрсетілетін шығармалардың маңызы жоғары екеніне тоқталып, Еліміздегі әрбір адамның бойындағы ұят пен ар, адалдық пен шындық, намыс пен патриоттық, отансүйгіштік сияқты тамаша сезімдерін оятып, ел қазынасын сақтауда осындай қасиеттердің алға шығатынын айтты.

ҚР Ұлттық Ұлан майоры, ән-би ансамбілінің басшысы, дирижер Дархан Рахымғалиев өз кезегінде, ансамбльдің атқарып жатқан іс-шараларына тоқталып, алдағы жоспарлар туралы хабардар етті. 

Жас әншілер де сөз қосып, сыбайлас жемқорлыққа, қатыгездікке қарсы, мейірімділікті, таза сезімді мадақтайтын шығармалар, жаңа әндер керек екенін, оны насихаттауға, халыққа жеткізуге атсалысатындарын айтып, бір ауыздан уәде берді.

Сөз аяғында ҚР Ұлттық Ұлан ән-би ансамбілінің басшысы Дархан Ермекұлы "Мәдениет және спорт Министрлігі - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесімен бірлесе отырып жұмыс атқаруға ұжымның қуана келісетінін жеткізді.

Ерқожа Әлғожаұлы өнер қайраткерлеріне, әнші- бишілерге, өнер сарбаздарына алдағы уақытта екі тарап арасында сыбайлас-жемқорлықтың алдын алуға байланысты бірқатар жұмыстар жүргізілетініне, патриоттық шығармалар жазуда бірлесе жұмыс атқарып, осы істерде ән-би ансамблі ұжымының алдыңғы қатардан көрінетіндеріне сенім білдіріп, алғыс айтты.