
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу және «Көне Бозоқ қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астындағы ұлттық парк құру» республикалық жобасын іске асыру аясында «Атадан қалған ұлы мұра» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Босқосуға Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы Айболат Көшкімбаев, Қызылорда облысы Мәдениет басқармасы тарихи-мәдени мұра, музейлер мен кітапханалар бөлімінің меңгерушісі Жанар Нұржақыпова, Қызылорда облысы тарихи-өлкетану музейінің директоры Сапар Козейбаев қатысты.
Сапар Козейбаев «Музейге сый» республикалық акциясы аясында «Бозоқ» музей – қорығына Шірік-Рабат қонысынан табылған (б.з. д. IV-II ғғ.) және Кескен-Күйік қалашығынан табылған (VII-IX ғ. ғ.) құнды жәдігердің көшірмесін тапсырды. Сонымен қатар музей қоры танымал өнертанушы Тұрсынбек Омаровтың «Қорқыт» картинасымен толықты.