
Бүгін сағат 18:30-да Бішкектегі Абдылас Малдыбаев атындағы Қырғыз Ұлттық академиялық опера және балет театрында ұлы ақын, ойшыл, ағартушы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Ақын Абайға мың тағзым» атты концерт өтеді.
Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Қайрат Иманалиев қатысады.
Концертте Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Түркия өнер өкілдері өнер көрсетеді.