Елдос Сметов - Grand Slam бәсекесінің күміс жүлдегері

Елдос Сметов - Grand Slam бәсекесінің күміс жүлдегері

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан Grand Slam бәсекесі басталды. Ерлер арасында 60 килограмға дейінгі салмақта Елдос Сметов финалда жапониялық Рюдзю Нагаямаға есе жіберді.

Қазақ дзюдошысы жартылай финалда әзірбайжандық Карамат Гусейновті, Нагаяма өзбекстандық Кемран Нуруллаевты жеңді.

Ал ширек финалда Сметов грузиялық Жаба Папинашвилиді жеңген еді.

Ташкенттегі бәсеке 7 наурызда аяқталады.