ҚР Ұлттық кітапханасы Алматы қаласындағы мәдениет мекемелері арасында шағын футболдан турнир өткізді

ҚР Ұлттық кітапханасы Алматы қаласындағы мәдениет мекемелері арасында шағын футболдан турнир өткізді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы мәдениет мекемелері арасында шағын футболдан турнир өтті.
⠀
Бұл спорттық іс-шара Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында, сондай-ақ ақпан айының «Қазақстан - спорттық ұлт» атауымен спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға арналуына орай ұйымдастырылып отыр.
⠀
Салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі - Нұрғиса Дәуешов, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық және Алматы облыстық филиалының төрағасы - Сәуле Нұрғалықова және ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Ажар Юсупова жылы лебіздерін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнирге қатысқан мәдениет мекемелері:
⠀
1. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құрамасы;
2. Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры «Құлагер» құрамасы;
3. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық оркестрі;
4. Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы;
5. Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжі;
6. А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ;
7. К. Байсейітова атындағы дарынды балаларғаарналған РММОМИ;
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы;
9. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры.
⠀
Тартысты додада өзгелерден оза шауып, жүлделі орын алғандар:
⠀
І орын
А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының құрама командасы;
⠀
ІІ орын
Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінің құрама командасы;
⠀
III орын
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының құрама командасы.

Сондай-ақ, қатысушыларға бірнеше номинация бойынша Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың  арнайы алғыс хаты табысталды.

Олар:
⠀
"Құрметті ойыншы" - Мырзахан Қадыров  (ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құрамасы);

"Үздік ойыншы" - Біржан Жүнісбеков  (Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжі құрамасы);

"Үздік гол" - Ислам Сейдазим  (Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы құрамасы);

"Үздік қорғаушы" - Нұржан Асылхан  (А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ құрамасы);

"Үздік қақпашы" - Дамир Оразалыұлы  (Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы құрамасы).