
Бүгін 80 жылдық тарихы бар Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің директоры қызметіне Айгүл Жансерікова тағайындалды.
Жаңа басшыны ұжымға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов таныстырды.
Сонымен қатар вице-министр ұжымның алдыңғы басшысы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Сейітқали Шалабаевты құрметті еңбек демалысына шығарып салу іс-шарасына қатысып, министр Ақтоты Райымқұлованың «Алғыс хатымен» марапаттады.
Сейітқали Исақұлұлы Шалабаев еліміздің мәдениет және өнер, білім беру саласында 45 жыл еңбек етті. Ұлағатты ұстаз болашақ суретші, дизайнер және суретші-педагогтарды даярлап, олардың кәсіби білім алуына зор үлес қосты.
Іс-шараға П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка коледжінің директоры Біржан Хасанғалиев, А.Селезнев атындағы хореография училищесінің директоры Дәулет Досбатыров, Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка орта мектеп-интернатының директоры Бақтияр Әбдірашов ойлайн форматта қатысты.