
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері Айгүл Сақтағанова мен Ерқожа Тілепбердиев Министрлікке бағынысты Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің ұжымымен кездесті.
Уәкілетті өкілдер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігі қол қойған «Парасат жолы» атты ынтымақтастық туралы меморандум туралы ақпарат берді.
Отырыс барысында Айгүл Сақтағанова Министрлікке бағыныстағы ұйымдардың ұжымымен жүйелі түрде кездесу өткізіп келе жатқанын айтып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа алдын ала төтеп беру жолдарын, сол бағыттағы күрес әдістері туралы ойларын ортаға салды.
Ерғожа Тілепбердиев өз сөзінде мекемедегі 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудиторлық қызмет бойынша тілектері мен ескертпелерін білдірді. Бұл тілектер мен ескертпелер «Бюджет және қаржыландыру», «Мемлекеттік сатып алу», «Бюджеттік қаражаттарды жоспарлау және мақсатты пайдалану» бөлімдерінің жұмысына қатысты болды. Тәжірибелі экономист ретінде ол қаржы ресурстарын пайдалану, ұйымдағы есеп пен бақылауды үнемдеу және мемлекеттік меншікке күтім жасау бойынша тәсілдер ұсынды.
Мекеме директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ардақ Қалиева Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай жоспарлаған мерекелік іс-шаралармен таныстырды.
Кездесу соңында мекеме басшысы Мәлік Сапашев жобалық кеңсесінің өкілдеріне алғысын білдіріп, айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді жұмыс барысында ескеретінін атап өтті.