
Халықаралық Туризм және меймандостық университеті мен Түркістан облысы полиция департаменті қол қойған ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру мақсатында ЖОО-да кадр даярлау бойынша курстар өте бастады.
Енді Түркістан облысының тәртіп сақшылары жыл соңына дейін туризм саласындағы ағылшын тілінің базалық курсын меңгеріп, қала тарихымен тереңірек танысып, халықаралық этикет және туристік қызметтің құқықтық негіздерімен танысады.
Жоба қорытындысы бойынша полицейлер туристермен қарым-қатынас орнату мәселесінде теориялық білім мен практикалық дағдыға ие болады. Өздерін гид сияқты сезініп, туристерді тарихи және көрікті жердің тарихымен таныстыруды үйренеді. Сонымен қатар курсқа қатысушылар орталық және жергілікті атқарушы органдардағы әріптестерімен дұрыс қарым қатынас орнатуды да үйренеді.
Бұл жоба туристердің жайлылығын қамтамасыз ету, облыс пен қаланың тартымды имиджін қалыптастыру, өңірдің және жалпы елдің маңызды туристік әлеуетін дамыту үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін даярлау мақсатында іске асырылып жатыр.